Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Жеке компанияларға зейнетақы жинағын сеніп тапсыру үшін уақыт керек – сарапшы

kz.kursiv.media

Жеке компанияларға зейнетақы жинағын сеніп тапсыру үшін уақыт керек – сарапшы

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын жеке басқарушы компанияларға сеніп тапсыруы уақытты қажет етеді. Бұл жайлы QAMS қауымдастығының атқарушы директоры Данияр Темірбаев пікір білдірген, деп хабарлайды Kursiv Media.

7 қыркүйектен бастап қазақстандықтар зейнетақы қорындағы жинақтарының 100%-ын жеке басқарушы компанияларға бере алатыны белгілі. Бұған дейін бұл шек 50% болған.

Алайда сарапшы халықтың жеке зейнетақы қорларына деген сенімін қалыптастыру үшін бірнеше жыл қажет болуы мүмкін екенін айтады. Оның пікірінше, бұған бұрынғы жекеменшік зейнетақы қорларының жабылып қалуына қатысты қорқыныштың болуы әсер етеді.

Сарапшының айтуынша, зейнетақы жинағын жеке басқарушы компанияға бермес бұрын, азамат өзінің тәуекелге қаншалықты дайын екенін ескеруі керек. Себебі жоғары табыс табу мүмкіндігі артқан сайын, жинақтың бір бөлігін жоғалту қаупі де жоғарылайды.

Сондықтан тәуекелге барғысы келмейтін азаматтарға жинақтарын Ұлттық банктің басқаруында қалдырған дұрыс.

Темірбаев зейнетақы жинағын басқару ұзақ мерзімді процесс екенін айтады. Сол себепті компанияларды тек соңғы бір жылдағы табысына қарап бағалауға болмайды.

Айтуынша, қазір Қазақстандағы жеке зейнетақы активтерін басқару нарығы әлі де қалыптастып жатыр. Жеке басқарушы компаниялардың иелігіндегі қаражат көлемі Ұлттық банктің басқаруындағы активтермен салыстырғанда өте аз.

Сол себепті де QAMS өкілі жеке компанияларға зейнетақы жинақтарын сеніп тапсыруға халықтың бірден дайын болуы екіталай, бұл үшін нарыққа деген сенім қалыптасып, уақыт өтуі керек деп санайды.

Осыған дейін зейнетақы жинағын қай компанияға сеніп тапсырған тиімді екенін жазғанбыз.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
9 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар