Танымал блогер Шымкент бокс федерациясының медиа директоры болып тағайындалды
Танымал блогер Арайлым Жиенбаева Шымкент қаласы бокс федерациясының медиа директоры лауазымына тағайындалды. Ол өңірдегі бокс спортын ақпараттық тұрғыдан ілгерілету және медиа бағытын дамытумен айналысады, деп хабарлайды Kursiv.Media. Шымкент бокс федерациясына сілтеме жасап.
Федерация өкілдері жаңа медиа директорға қолдау білдіріп, жүктелген жауапты қызметіне сәттілік тіледі.
«Арайлым Бақытжанқызының бұл қызметке тағайындалуымен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге үлкен сенім артамыз. Алдағы уақытта өз ісіңізге жауапкершілікпен қарап, Шымкент боксының абыройын арттыру жолында нәтижелі де керемет жұмыстар атқаратыныңызға сенім білдіреміз», – делінген Шымкент қаласы бокс федерациясының ресми хабарламасында.
Бұған дейін, Азия ойындарына қатысатын боксшылар тізімі жарияланған еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
8 қыркүйек 2026