Астанада ұшақта темекі шеккен шетелдікке айыппұл салынды
Астана әуежайында Тбилиси – Астана бағытындағы әуе кемесінің командирі тәртіп бұзған жолаушы жайлы көлік полициясына хабарлаған, деп хабарлайды Kursiv Media.
Тексеру барысында Ұлыбританияның 38 жастағы азаматы ұшу кезінде ұшақтың дәретханасында электронды темекі шеккені анықталды. Ол қолданыстағы тыйым мен авиациялық қауіпсіздік талаптарын елемеген.
Шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 50 АЕК, яғни 216 250 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Көліктегі полицияның мәліметінше, жыл басынан бері көлік полициясы түрлі құқық бұзушылық жасаған 254 жолаушыны әуе рейстерінен түсірген. Оның 193-і алкоголь ішіп, қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін, 40 жолаушы ұшақ бортында темекі өнімдерін тұтынуға салынған тыйымды бұзғаны үшін рейстен алынған,
Полиция қызметкерлеріне және ұшақтың ішінде қалжыңдауға болмайды. Әсіресе, бомба және жарылыс туралы тұспалдауға.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
8 қыркүйек 2026