Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Роналду мен Месси бір командада ойнауы мүмкін

kz.kursiv.media

Роналду мен Месси бір командада ойнауы мүмкін

Аргентиналық футболшы Карлос Тевес Криштиану Роналду мен Лионель Мессиді өзінің қоштасу матчына шақырды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Аңызға айналған қос жұлдыз Тевестің командасында бірге ойнауы мүмкін. Ойын желтоқсан айында Буэнос-Айрестегі «Альберто Х. Армандо» стадионында өтеді.

«Мен әрдайым Криштиану мен Леоның бір командада өнер көрсеткенін көруді армандадым. Олар – футбол тарихындағы ең ұлы ойыншылар. Мен екеуімен де, әсіресе Криштианумен хабарластым. Оған: «Криштиану, сенің де, Леоның да менің қоштасу матчымда бір құрамада ойнағаныңды қалаймын. Әлем бұл ғажайыпты кем дегенде бір рет өз көзімен көрсін» деп айттым.

Ол да, Лео да бірден келісті. Тіпті екі рет айтқызуға тура келген жоқ. Міне, екеуі де маған сөзін берді. Бұл сәтті асыға күтемін. Жүректі толқытатын өте әсерлі матч болмақ», – деді Тевес.

Футбол әлеміндегі екі қарсылас әрі ұлы ойыншының бірге жасыл алаңға шығуы спорт тарихындағы ең ауқымды да есте қаларлық оқиғалардың біріне айналмақ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Криштиану Роналду Ташкентке келетінін жазған едік.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар