Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

4 жасар баланың ішегінен 59 магнит табылды

kz.kursiv.media

4 жасар баланың ішегінен 59 магнит табылды

Алматыда кішкентай балалардың магнитті шариктерді жұтып қою жағдайлары тіркеліп жатыр. Жыл басынан бері мұндай жағдаймен Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына 15 бала жеткізілген деп хабарлайды Kursiv Media.

Дәрігерлердің айтуынша, бір кезекшілікте бірден үш бала магнит жұтып, ауруханаға түскен. Алғашқысы – 2 жастағы бала. Іші ауырғаннан кейін ауруханаға жеткізілген оның ағзасынан 25 магнит табылып, операция кезінде алып тастады.

Бірнеше сағаттан соң 2,5 жастағы тағы бір бала құсу және ішінің ауырсынуына байланысты медициналық көмекке жүгінген. Дәрігерлер оның ағзасынан 9 магнит алып шықты. Бала отадан кейін 10 күн ауруханада емделген.

Ең күрделі жағдай 4 жасқа толмаған балада тіркелген. Ол түнде ішінің қатты ауыруы, әлсіздік және құсу белгілерімен жеткізілген. Тексеру кезінде асқазан-ішек жолында көптеген бөгде зат бары анықталды. Ота барысында баланың аш ішегінен 59 магнит алынған.

«Баланың аш ішегінен 59 магнит алып шыққан кезде мұндай жағдай дәрігерлердің өзін таңғалдырды. Медициналық көмекке жүгінген сәтте қауіпті заттар аш ішектің қабырғасын тесіп үлгерген. Бұл 1 тамыздағы кезекшілік кезінде жасалған ең күрделі оталардың бірі болды», – деді Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы қабылдау бөлімінің хирургі Айбол Сұлтанбеков.

Мамандар бірнеше магниттің бала ағзасына түсуі өте қауіпті екенін ескертеді. Олар бір-біріне тартылып, ішкі ағзаларды зақымдауы және ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Бұған дейін 31 магнит жұтып қойған сәбиге шұғыл ота жасалғанын жазған едік.

Дәрігерлер ата-аналарға магнитті шариктер мен құрамында ұсақ магниттері бар ойыншықтарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтауды және олардың қандай заттармен ойнап жүргенін үнемі бақылауды ұсынады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар