«ҚазТрансОйл» 8 айда мұнай тасымалын арттырды
«ҚазТрансОйл» 2026 жылдың 8 айында мұнай тасымалын едәуір арттырды. Осы кезеңде 31,9 млн тонна мұнай тасымалданып, ауыстырып тиелген. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 пайызға артық, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Магистральдық мұнай құбырлары арқылы 30,6 млн тонна мұнай тасымалданып, көрсеткіш 4%-ға жоғарылады. Шоғырландырылған жүк айналымы 30 млрд 546 млн тонна-километрді (+2%), ал магистральдық құбырлар жүйесіндегі жүк айналымы 23 млрд 696 млн тонна-километрді (+1%) құрады.
Отандық мұнай өңдеу зауыттарына12 млн тоннадан аса мұнай жеткізілді. Атап айтқанда, «Павлодар мұнай-химия зауытына» 4 млн 316 мың тонна, «ПетроҚазақстан Ойл Продактсқа» 3 млн 664 мың тонна, «Атырау мұнай өңдеу зауытына» 3 млн 567 мың тонна және «СП «CASPI BITUM» кәсіпорнына 540 мың тонна мұнай жөнелтілген.
Экспорттық және өзге де негізгі бағыттарда қарқынды өсім байқалды. «Атырау – Самара» учаскесі бойынша тасымал 6,9 млн тоннаға (+2%), ал ТОН-2 мұнай құбыры арқылы 8,2 млн тоннаға (+5%) жетті.
Ал «Атасу – Алашаңқай» магистральдық құбырына 7,6 млн тонна мұнай ауыстырып тиеліп (+3%), оның ішінде қазақстандық мұнай экспорты 863 мың тоннаны құрады.
онымен қатар, «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» жүйесіне мұнай ауыстырып тиеу көлемі 39%-ға артып, 3,1 млмн тоннаға жетті.
Ақтау портында танкерлерге 2,4 млн тонна мұнай құйылса (+6%), оның ішінде «Баку – Тбилиси – Джейхан» бағыты бойынша ауыстырып тиеу 1 млн тоннадан асты.
Бұған дейін «ҚазТрансОйл» ТОН-2 мұнай құбырын кеңейтуге 25 млрд теңге инвестиция салатынын хабарлады.
- Соңғы
-
-
-
-
- Қыркүйек, 08
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
9 қыркүйек 2026