Павлодар облысында қос азаматтығы бар 27 адам анықталды
Павлодар облысында қос азаматтығы бар 27 адам анықталған. Жыл басынан төрт жүзге жуық азаматтың Қазақстан азаматтығынан шыққан.
Polisia.kz хабарлауынша, жыл басынан бері Павлодар облысында 398 азаматтың Қазақстан Республикасының азаматтығынынан шыққаны тіркелді. Көші-қон заңнамасын әртүрлі бұзғаны үшін 40 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Олардың жетеуі Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды.
Павлодар облысы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Александр Кузьменконың айтуынша, 26 жастағы әйел 2015 жылдан бері көрші елдің азаматы бола тұра, бұл туралы полиция органдарына хабарламаған. Ал 29 жастағы тағы бір әйел көрші елдің азаматтығын алғанына қарамастан, мемлекеттік шекараны Қазақстан Республикасының паспортымен кесіп өткен. Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнаманы бұзғаны үшін аталған азаматшалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл бап бойынша 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе Қазақстан Республикасының аумағынан шығарып жіберу түріндегі жауапкершілік көзделген.
«Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан адамдардың Қазақстан Республикасы азаматының құжаттарын пайдаланғаны үшін 200 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған», – деп түсіндірді облыстық көші-қон қызметінің басшысы.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, елде қос азаматтыққа жол берілмейді. Яғни Қазақстан Республикасының азаматы бір мезгілде басқа мемлекеттің азаматы бола алмайды. Егер Қазақстан азаматы өзге мемлекеттің азаматтығын қабылдаса, Қазақстан Республикасының азаматтығы заңнамада белгіленген тәртіппен тоқтатылады.
Айта кететін жайт, ШҚО-да қос азаматтығы бар 250-ден астам адам анықталып, 17-сі жазаға тартылды.
- Соңғы
-
-
-
-
- Қыркүйек, 08
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
9 қыркүйек 2026