FlyArystan Кутаисиге орындалатын рейстерге науқан жариялайды
FlyArystan әуекомпаниясы Алматы, Астана, Атырау және Ақтаудан Кутаисиге орындалатын рейстерге арнайы тарифтер ұсынады.
Компания мәліметінше, ұсыныс аясында әуебилеттердің құны бір бағытқа 29 000 теңгеден басталады. Арнайы тарифтер бойынша билеттерді 2026 жылғы 10-13 қыркүйек аралығында, ұшу мерзімі 2026 жылғы 1 қараша мен 2027 жылғы 1 наурыз аралығындағы рейстерге брондауға болады.
2026 жылғы 25 желтоқсаннан 2027 жылғы 5 қаңтарға дейінгі кезең ұсынысқа кірмейді.
«Акция аясындағы әуебилеттердің бір бағытқа құны – Атырау – Кутаиси – Атырау және Ақтау – Кутаиси – Ақтау рейстеріне 29 000 теңгеден; – Алматы – Кутаиси – Алматы және Астана – Кутаиси – Астана рейстеріне 39 000 теңгеден басталады», – делінген хабарламада.
Кутаиси – Грузиядағы танымал туристік бағыттардың бірегейі. Бұл елдің ең көне қалаларының бірі әрі Имеретия өңірінің мәдени орталығы.
Мұның алдында FlyArystan Ақтаудан Ыстанбұлға рейстерді қайта жандандыратынын хабарлаған.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
10 қыркүйек 2026