Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елена Рыбакина тарихи жетістігінен кейін пікір білдірді (видео)

kz.kursiv.media

Елена Рыбакина тарихи жетістігінен кейін пікір білдірді (видео)

US Open-2026 турнирінің ширек финалынан кейін өткен баспасөз мәслихатында әлемнің 1-ші ракеткасы атанған Елена Рыбакина пікір білдірді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Теннисшінің сөзінше, бұл – отандық спорт үшін бұрын-соңды болмаған тарихи сәт.

«Қазақстанда қалай болып жатқаны туралы ойланып отырмын, бұл жаңалықтың онда қалай қабылданатыны маған да өте қызық. Өйткені мұндай оқиға бұған дейін ешқашан болған емес. Иә, бұл – тарих. Мен Қазақстан атынан өнер көрсетіп жүргенімді әрдайым мақтан тұтамын. Қай қалаға барсам да, теннис ойнап жүрген балаларды көп көремін. Кортқа келетін жастардың қатары күн санап артып келеді. Қаншама жас өреннің саған қарап бой түзейтінін көру – сөзбен айтып жеткізгісіз керемет сезім», – деді Елена Рыбакина.

Сондай-ақ спортшы өзіне сенім артқан адамның кез келген белесті бағындыра алатынын айтып, елге қайтқан сәтте барша жанкүйерге жеке алғыс білдіргісі келетінін жеткізді:

«Бұл – өзіңе сеніп, тынымсыз еңбек етсең, кез келген мақсатқа жетуге болатынының айқын дәлелі. Өкінішке қарай, Қазақстанға жиі барудың сәті түсе бермейді. Қазір қолыма телефон да ұстап үлгермедім, бірақ құттықтап жатқан адамдардың өте көп екенін сеземін. Елге барған кезде баршаңызға арнайы алғыс айтқым келеді. Бұл – бүкіл еліміз үшін үлкен мәртебе әрі ортақ жеңіс», – деп түйіндеді әлемнің бірінші ракеткасы.

Еске сала кетейік, Елена Рыбакина WTA рейтингінде бірінші орынға көтерілген алғашқы қазақстандық теннисші ретінде спорт тарихына енді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар