40 млн теңгеге бопсалау жасады деген күдікпен үш қалада жеті адам ұсталды
«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Ішкі істер министрлігі ел бойынша арнайы операция өткізді. Нәтижесінде азаматтардан ірі көлемде ақша талап етуге қатысты қылмыстардың жолы кесілді. Бұл туралы Kursiv Media ІІМ-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Қыркүйек айында Астана, Өскемен қалаларында және Алматы облысында 40 млн теңге талап етті деген күдікпен жеті адам ұсталды. Олардың үшеуі бұрын сотталған. Арасында адам өлтіргені үшін жазасын өтегендер де бар.
Тінту кезінде күдіктілерден атыс және суық қару, оқ-дәрілер, сондай-ақ бірнеше қымбат автокөлік тәркіленді. Осындай жедел іс-шаралар Астана мен Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау, Абай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында жүргізілді.
ІІМ мәліметінше, аталған фактілер бойынша 50-ден астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Заңсыз айналымнан 10-нан астам атыс және травматикалық қару, сондай-ақ оларға тиесілі оқ-дәрілер тәркіленген.
Сонымен қатар жедел шаралардың нәтижесінде жәбірленушілердің 77 млн теңгеден астам қаражатын иемденуге жол берілмеді.
Қазір қылмыстық істер бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құқыққа қайшы әрекеттерге қатысы бар өзге де адамдарды анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша жұмыстар жалғасады.
Оқи отырыңыз: Астанада тұрғынды бопсалаған ер адам 7 жылға сотталды
- Соңғы
-
-
-
-
- Қыркүйек, 09
-
-
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 08
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
10 қыркүйек 2026