Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Маңғыстауда 15 қыркүйекте дабыл қағылады

kz.kursiv.media

Маңғыстауда 15 қыркүйекте дабыл қағылады

Маңғыстауда 15 қыркүйекте дабыл сигналы қосылады. Хабарлау жүйесінің дайындығы тексерілмек, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Lada ақпаратына қарағанда, бұл туралы өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті хабарлаған.

«Тексеру жұмыстары 15 қыркүйек күні сағат 11:00-де басталады. Мамандар хабарлау жүйесінің аумақтық және нысандық деңгейлердегі дайындығын бағалайды», – делінген мәліметте.

Іс-шара барысында сиреналық-сөйлеу құрылғылары іске қосылады. Бұл төтенше жағдай болған жағдайда халыққа хабарлау жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында жүргізіледі.

Облыс тұрғындарын сабыр сақтап, сирена дыбыстарына алаңдамауға шақырып отыр.

Еске сала кетейік, халыққа хабарлау жүйесінің дайындығын жоспарлы техникалық тексеру соңғы рет 25 маусымда өткізілген.

Былтыр шілде айында Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізген еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар