Сайлауда республикалықтар жеңсе, Трамп әр америкалыққа 5000 доллар төлемек
2026 жылдың қарашасындағы Конгресс палатасының сайлауында республикалықтар жеңіске жетсе, Дональд Трамп әр ересек америкалыққа 5000 доллардан төлемекші. Бұл жоспарын орындау үшін оған триллион доллардан көп қаражат керек деп хабарлайды Kursiv Media CNN-ге сілтеме жасап.
Трамп жоспары туралы Республика партиясының съезде сөйлеген сөзінде айтты. Бірақ америкалықтар ол қаражатты тек ел аумағында жаратуы керек деген шарт қойды.
«Бір шектеу бар, ол дивидендтер тек АҚШ-та жаратылуы керек. Сіздердің Канадаға, Қытайға немесе Германияға барып жұмсағандарыңызды қаламаймыз. Ақшаны тек Америкада жаратасыздар», – деді ол.
Америкалық БАҚ есептеуінше, Америкада 270 млн ересек адам бар. Егер әрқайсысына 5000 доллар төлейтін болса, АҚШ үкіметіне 1,3 тлн доллар шығындануы қажет болады.
Бірақ оны қаншалықты іске асыра алатыны белгісіз. Кейбірі оның жоспарын тек сайлауға назар аударту үшін қажетті құрал деп қана есептейді. Жүргізілген сауалнама нәтижесіне сенсек, Иранмен соғыс, елдегі қымбатшылықтан кейін Республика партиясынан алыстап кеткендер көбейген.
Трамп сөзінде соғысты да айналып кетпеді. Оның айтуынша, Тегеранға ядролық қару жасауға жол бермеу үшін Иранмен соғысу қажет. Егер АҚШ жеңіске жетсе, мұнай бағасы қайта өсетініне уәде берді.
Оқи отырыңыз: Трамп Ақ үйдегі жақын көмекшісіне сыйлық ретінде 45 мың доллар берген
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
10 қыркүйек 2026