Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Өзбекстан президентінің қызы Саида Мирзиёева Ташкенттегі қаржы орталығын басқарады

kz.kursiv.media

Өзбекстан президентінің қызы Саида Мирзиёева Ташкенттегі қаржы орталығын басқарады

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің қызы Саида Мирзиёева Ташкент халықаралық қаржы орталығының директоры болып тағайындалды. Бұйрыққа ел президенті қол қойды деп хабарлайды Kursiv.Media.

Енді Мирзиёева орталықты іске қосу, қажетті құжаттарды дайындау және оның құрылымдарының мемлекеттік органдармен жұмысын үйлестіруге жауап береді. Сонымен қатар ол орталықты шетелдік инвесторларға, халықаралық ұйымдар мен серіктестерге таныстырады. Бұдан бөлек, орталықтың атқарушы директоры мен оның орынбасарларын тағайындауға, сондай-ақ Қаржылық қызметтер басқармасының басшылығын қалыптастыруға қатысады.

Ташкент халықаралық қаржы орталығы туралы заңға Шавкат Мирзиёев шілде айында қол қойған. Жоба аясында орталық аумағында ерекше құқықтық және валюталық режим, жеке қаржы реттеушісі және тәуелсіз коммерциялық сот құру жоспарланған.

Қаржы орталығына тіркелген жаңа компаниялары Өзбекстанда 2076 жылға дейін салықтық жеңілдік алып, жұмыс істей алады.

Айта кетейік, Саида Мирзиёева 2025 жылы Президент әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалған еді. Енді екі қызметін қатар алып жүруіне тура келеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
10 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар