Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматы әкімдігі Қайрат Сатыбалдыдан қайтқан қонақүйді сатылымға шығарды

kz.kursiv.media

Алматы әкімдігі Қайрат Сатыбалдыдан қайтқан қонақүйді сатылымға шығарды

Алматы әкімдігі Қайрат Сатыбалдыдан қайтқан DoubleTree by Hilton қонақүйін сатылымға шығарды. Бұл лотқа ең бірінші болып BES.media басылымы назар аударған.

Қонақүй кешені 12,7 млрд теңгеге бағаланып отыр. Электронды сауда-саттық 25 қыркүйек күні өтпек. Саудаға қатысуға үміткерлер 1,9 млрд теңге кепіл жарнасын төлеуге тиіс.

Нысан қазір «Алматы қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің» иелігінде. Аукцион баға көтеру тәсілімен өткізіледі.

Жалпы аумағы 16 196,4 шаршы метрді құрайтын кешен Алматының орталығында бос тұр. Қонақүйді Қайрат Сатыбалды 2023 жылы мемлекетке сыйға тартқан. Сол күні жылжымайтын мүлік департаментінің балансына өтті. Саудаға қонақүй кешенінің ғимараты шығарылған. Ал орналасқан жері ортақ пайдаланылатын мүлік болғандықтан, сатылмайды.

«Тұрақты ортақ үлестік жер пайдалану құқығындағы жер учаскесі жекешелендіру объектісінің құрамына кірмейді және жекешелендіру объектісінің бағалау құнына енгізілмеген», -делінген хабарламада.

Бұған дейін Сатыбалдыдан қайтқан Байсат базары бірнеше рет аукционға шығарылып, өз құнынан арзанға сатылған еді. Оны ERG-дің су жаңа акционері, ірі бизнес әлеміндегі жаңа жұлдыз – Шахмұрат Мүтәліптің серіктесі, «Integra Construction KZ» бақылау кеңесінің төрағасы, Todini Costruzioni Generali SpA директорлары кеңесінің мүшесі Күдрәт Шамиев сатып алған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар