Аса үнемді жаңа Hyundai Elantra Hybrid таныстырылды
Hyundai жаңа Elantra Hybrid-тің қозғалтқыш жүйесін қуаттырақ, әрі үнемдірек етті. 17 дюймдік дөңгелектері бар нұсқаның отын шығыны шамамен 10,4%-ға төмендеген. Бұл туралы Kursiv.media Autoblog баслымына сілтеме жасап хабарлайды.
Маусым айында Hyundai Оңтүстік Кореяда Avante атауымен сатылатын Elantra моделінің сегізінші буынын таныстырды. Седанның дөңгелек базасы ұзарған, ал гибридті күштік қондырғысы қуаттырақ болған. Әдетте қуаттың артуы отын үнемділігіне кері әсер етеді. Алайда бұл жолы жағдай керісінше болып отыр.
17 дюймдік дөңгелектері бар жаңа нұсқа 1 литр отынмен 21,2 шақырым жүреді, яғни 100 шақырымға шамамен 4,7 литр отын жұмсайды. Ал алдыңғы буында бұл көрсеткіш 19,2 км/л немесе 100 шақырымға 5,2 литр болған.
Тіпті 18 дюймдік дөңгелектермен де жаңа Elantra Hybrid-тің көрсеткіші 19,9 км/л (100 шақырымға шамамен 5,0 литр) болып отыр. Бұл бұрынғы нұсқаның 17 дюймдік дөңгелектерімен салыстырғандағы көрсеткіштен де жақсы.
Басылымның мәліметінше, көліктің отын үнемділігін арттыруға бірнеше техникалық өзгеріс әсер еткен. Атап айтқанда, қозғалтқышқа шығару коллекторы кіріктірілген цилиндрлер блогының жаңартылған басы, реттелетін май сорғысы және қысымы 350 бар болатын жоғары қысымды отын бүрку жүйесі орнатылған.
Гибридті күштік қондырғының негізінде 1,6 литрлік Smartstream қозғалтқышы жатыр. Оның жалпы қуаты 157 PS, яғни шамамен 155 ат күшіне тең. Бұл алдыңғы буынмен салыстырғанда шамамен 16 ат күшіне көп.
Дегенмен аталған көрсеткіштер Оңтүстік Корея нарығына арналған нұсқаға қатысты. Сондықтан басқа нарықтарға арналған Elantra Hybrid-тің сипаттамалары өзгеше болуы мүмкін. Оларды АҚШ-тағы EPA көрсеткіштерімен тікелей салыстыру да дұрыс емес, себебі көліктерді сынау әдістемелері әртүрлі.
Соған қарамастан, көліктің отын үнемділігінің артып отырғаны назар аударуға тұрарлық. Қазақстанда Elantra ықшам седан ретінде жақсы таныс. Сондықтан гибрид нұсқасы жергілікті нарыққа шықса, отын үнемділігі мен қуаттырақ күштік қондырғының үйлесімі бұрынғы модельге қарағанда тартымды болуы мүмкін.
Тағы да оқыңыз: Hyundai-дің жаңа жол талғамайтын көлігі орнында бұрылады: алғашқы суреті жарияланды
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 10
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
11 қыркүйек 2026