БАӘ банкі Қазақстандағы жобаларға 7,5 трлн теңгеге дейін инвестиция салады
ADCB Kazakhstan басшысы Фарух Аль Марзуки алдағы бір жарым жылда қазақстандық жобаларды қаржыландыру көлемін қазіргі 2,5 трлн теңгеден 3 есеге ұлғайтуға ниетті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Соңғы 20 жылда Қазақстанға әмірліктен түскен инвестициялар көлемі 7 млрд доллардан асты, оның шамамен 3 млрд доллары соңғы 2,5 жылда түсті.
ADCB Group-тың БАӘ және Таяу Шығыстың басқа елдерінен инвесторлар тарту жөніндегі жұмысқа қатысуы Қазақстандағы жобаларды сырттан қаржыландыру көздерін кеңейтуге және әртараптандыруға мүмкіндік береді.
Өз кезегінде Фарух Аль Марзуки Қазақстанмен энергетикалық, теміржол инфрақұрылымы жобаларын қаржыландыру, мұнай химиясы, көлік және логистика салаларындағы уағдаластықтарды жүзеге асыру саласындағы ынтымақтастықтың жемісті екенін атап өтті.
Соңғы 15 жылда ADCB Kazakhstan 100-ден астам бизнес-бастамаларға қаржылық қолдау көрсетті, оның 90%-ы ШОБ жобаларын құрайды. ADCB Kazakhstan басшысы Фарух Аль Марзуки алдағы бір жарым жылда қазақстандық жобаларды қаржыландыру көлемін қазіргі 2,5 трлн теңгеден 3 есеге ұлғайту ниеті туралы мәлімдеді.
Айта кетейік, Abu Dhabi Commercial Bank – Біріккен Араб Әмірліктеріндегі ең ірі банктердің бірі. Банк халықаралық инвестициялық деңгейдегі несиелік рейтингтерге ие.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 10
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
11 қыркүйек 2026