Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қыркүйек дауынан кейін Орфографиялық сөздік жаңадан шығарылатын болды

kz.kursiv.media

Қыркүйек дауынан кейін Орфографиялық сөздік жаңадан шығарылатын болды

Қазақ тілінің Орфографиялық сөздігі қайта әзірленіп, жаңадан басылып шығады. Бұл туралы вице-президент Ерлан Қарин мәлімдеді деп хабарлайды Kursiv Media.

Оның түсіндіруінше, бұл шешімге соңғы уақытта желіде болған талқылаулар әсер еткен. Жақында ғана оқу жылы қарсаңында оқырмандар «қыркүйек» әлде «қыргүйек» деп жазыла ма деген қызу пікірталасқа түскен. Тіпті оқу-ағарту министрі Сүлейменоваға дейін пікірін айтты. Енді бұл мәселеге вице-президент те араласып отыр.

«Қыркүйек» пен «қырғүйекке» қатысты пікірталас бізге де жетті. Шын мәнінде, бұл – тіл мамандары мен әдеби ортаң ғана мәселесі емес. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл болғандықтан, әрбір сөздің айтылуы мен жазылуы мемлекеттік аппараттың күнделікті жұмысына да тікелей қатысты. Өйткені, қазір қазақ тілі кеңсе тіліне айналды. Сондықтан мұндай мәселенің бір ұшы бізге де тиетіні рас», – деп жазады вице-президент.

Ол тіл саясатын жүргізіп отырған мекемелердің басшылары мен белгілі ғалымдарды жинап, аталған тақырып жөнінде пікір алмасқанын айтты. Сол талқылау кезінде қазақ тілінің жаңа Орфографиялық сөздігін әзірлеу қажет деген шешімге келген. Қазір қолданыстағы Орфографиялық сөздік осыдан 13 жыл бұрын шыққан, бірақ осы уақыт ішінде тілімізге жаңа сөздер де қосылып үлгерді. Олар да жаңа пікірталасқа себеп болып жатыр, сондықтан жаңа жобаны қолға алу керек деп шешкен.

» Алдымен белгілі ғалымдардан арнайы жұмыс тобы құрылып, жаңа сөздік дайындалады. Ұсынылған еңбек Мекемеаралық комиссияда қаралып, бекітіледі. Қазақстан тарихының көптомдық академиялық жинағын әзірлегендей, жаңа Орфографиялық сөздікке де ұлттық жоба ретінде қарауға тиістіміз», – дейді Ерлан Қарин.

Оқи отырыңыз: Қайсысы дұрыс: «қырКүйек» пе, «қырГүйек» пе

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар