Қарағанды облысында 500 адам бірден сегіз табиғи өртті сөндіріп жатыр
Қарағанды облысында сегіз табиғи өртті сөндіру жалғасмып жатыр, деп хабарлайды Kursiv.Media.
ТЖМ мәліметәнше, өрт Шет, Бұқар Жырау және Қарқаралы аудандарында тіркелді. Онда таулы-далалы аймақта құрғақ шөп пен бұталар жанып жатыр.
Өртті жоюға ТЖМ мен әкімдіктердің 500-ден астам жеке құрамы мен 145 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Қарқаралы ауданының Бесоба ауылында өртті сөндіру үшін су ағызатын құрылғымен жабдықталған «Қазавиақұтқару» тікұшағы тартылды. Әуеден төрт рет су төгілді.
ТЖМ мәліметінше, өртті сөндіру таулы-далалы күрделі бедерге, ыстық, құрғақ ауа райына және қатты желге байланысты қиындап жатыр.
«Қазіргі уақытта елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ», – деп атап өтті министрлік.
Өртті сөндіру жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 10
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
11 қыркүйек 2026