Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Үкімет Ақтөбедегі футбол стадионының құрылысына 6,5 млрд теңге бөлмек

kz.kursiv.media

Үкімет Ақтөбедегі футбол стадионының құрылысына 6,5 млрд теңге бөлмек

Ақтөбедегі футбол стадионының құрылысына 6,5 млрд теңге бөлінеді деп хабарлайды Kursiv Media.

Жаңа стадион 35 мың көрерменге арналған. Қаланың батыс бөлігіндегі 25 гектар аумақта орналасады. УЕФА-ның 4-деңгей талаптарына сай жобаланған бес қабатты кешеннің жалпы аумағы 80 мың шаршы метрден асады.

Нысанда футбол алаңы мен көрермендер трибуналарынан басқа командалар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған инфрақұрылым болмақ.

Жоба үш кезеңмен жүзеге асырылады. Құрылыс жұмыстарын 2028 жылдың қыркүйегінде аяқтау жоспарланған. Жаңа арена «Ақтөбе» футбол клубының жанкүйерлеріне және халықаралық матчтар өткізуге мүмкіндік береді.

Ақтөбенің бұған дейінгі бар орталық стадионы 1975 жылы салынған және шамамен 13 мың көрерменге есептелген. Дегенмен «Ақтөбе» ФК-нің өз алаңында өткізетін матчтарына деген жанкүйерлердің қызығушылығы артып, кейде ойындарды көргісі келетіндер саны кейде аренаның көлемінен үш есе асып кетіп жатады. Сондықтан жаңа стадион салу қажеттілігі туындады.

Спорт кешенінің құрылысы басталатыны жайлы былтыр күзде хабарланған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар