Eurovision Қазақстанның конкурсқа қатысу туралы өтінішін қабылдамады
Қазақстан 2027 жылы «Евровидение» ән байқауына қатыса алмайды. Еуропалық хабар тарату одағы (EBU) өтініш берген «Хабар» агенттігін талаптарға сай келмейді деп тапқан. Бұл туралы Politico басылымы хабарлады деп жазады Kursiv Media.
Басылым мәліметінше, «Хабар» жақында Қазақстанның жыл сайынғы музыкалық байқауға қатысуы үшін өтініш берген. Алайда EBU қазақстандық телеарнаның белгіленген талаптарға сәйкес келмейтінін мәлімдеген.
«Қазақстан Еуропалық хабар тарату аймағынан тыс орналасқан, Еуропа Кеңесінің мүшесі емес және бұл ұйым жанында ресми бақылаушы мәртебесіне ие емес. Осыған байланысты «Хабар» қазіргі уақытта толық мүшелік талаптарына сәйкес келмейді», – делінген EBU мәлімдемесінде.
Қазақстан бұған дейін де «Евровидениеге» қатысты іс-шараларға қатысқан. «Хабар» 2018–2022 жылдар аралығында бес рет ел атынан «Балалар Евровидениесіне» қатысты. Қазақстандық қатысушылардың екеуі екінші орын алған. Алайда Еуропалық хабар тарату одағындағы қауымдастырылған мүшелік ересектер арасындағы байқауға автоматты түрде қатысу құқығын бермейді.
Politico мәліметінше, Қазақстанның географиялық орналасуының өзі байқауға қатысуға міндетті түрде кедергі емес. Ел аумағының шағын бөлігі географиялық тұрғыдан Еуропада орналасқан. Сонымен қатар Аустралия 2015 жылдан бері арнайы шақырумен «Евровидениеге» қатысып келеді.
Келесі байқау 2027 жылдың мамыр айында Болгарияның Бургас қаласында өтеді. Байқаудың жартылай финалдары 11 және 13 мамырда, ал финалы 15 мамырда өтеді.
Оқи отырыңыз: Соғысып жатқан елдер Eurovision-ды қабылдай алмайды
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 10
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
11 қыркүйек 2026