Марафон өтетініне байланысты бірқатар көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектеледі
12–13 қыркүйек күндері Шымкент қаласында марафон өтетініне байланысты бірқатар көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. 12 қыркүйек сағат 06:00-ден бастап Әл-Фараби алаңына кіретін жолдарда қозғалыс шектеледі.
13 қыркүйек сағат 06:00-ден 13:30-ға дейін марафон бағыты бойынша:
Әл-Фараби алаңы – Асқаров көшесі – Түркістан көшесі – Қонаев даңғылы – Бәйдібек би көшесі – Арғынбеков көшесінің қиылысына дейін көлік қозғалысы уақытша жабылады.
Осыған байланысты Шымкент тұрғындары мен қала қонақтарынан сапар бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкіндігінше балама жолдарды пайдалануды сұраймыз.
Қолайсыздықтар үшін түсіністік танытып, қаладағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған маңызды шараны өткізуге қолдау білдіргендеріңіз үшін алғыс айтамыз.
- Соңғы
- Қыркүйек, 10
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
11 қыркүйек 2026