Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Көршісін өлтіріп, қашып кетті

kz.otyrar.kz

Көршісін өлтіріп, қашып кетті

9 қыркүйек күні кешкі уақытта Шымкент қаласындағы Хамза көшесінде көршілер арасындағы жанжал қайғылы жағдаймен аяқталды. Оқиғаға 65 және 39 жастағы екі ер адамның арасындағы жанжал себеп болған. Қақтығыстың нақты неден басталғаны әзірге белгісіз.

Оқиғаның сұмдық сәттері көшедегі бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кадрларда 39 жастағы ер адамның 65 жастағы көршісіне бірнеше рет жұдырықпен соққы жасағаны көрінеді. Соққыдан қарт ер адам жерге құлаған. Алайда ол жәбірленушіге жатқан жерінен тағы бірнеше рет соққы жасаған.

Одан кейін күдікті марқұмның үйінен кейбір заттарды алып, үйіне кеткен. Ауыр соққыдан кейін 65 жастағы ер адам есін жимаған. Жақындары жедел жәрдем шақырғанымен, оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлері оның қайтыс болғанын растады.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшылығы келді. Ал күдікті оқиға орнынан бой тасалап кеткен. Қазір оны іздеу бойынша шаралар жүргізіліп, қылмыстық іс аясында тергеу амалдары жүріп жатыр.

Марқұмның артында бес баласы қалды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар