Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Шайдоров Олимпиададан кейінгі алғашқы халықаралық турниріне қатысады

kz.kursiv.media

Шайдоров Олимпиададан кейінгі алғашқы халықаралық турниріне қатысады

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Братиславада өтетін Challenger сериясындағы турнирге қатысады. Бұл туралы Kursiv Media жазады.

Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, қазақстандық спортшы Словакияның Братислава қаласында өтетін халықаралық Nepela Memorial турнирде өнер көрсетпек. Жарыс 24–27 қыркүйек аралығында өтеді және 2026/27 маусымындағы ISU Challenger Series сериясына кіреді.

Шайдоров ерлер арасындағы жекелей сында бақ сынайды. Алдын ала қатысушылар тізіміне 29 спортшы енгізілген.

Братиславадағы жарыс Шайдоров үшін 2026 жылғы Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өткен қысқы Олимпиада ойындарындағы жеңісінен кейінгі жаңа маусымдағы алғашқы халықаралық турнир болады. Енді ол 2030 жылғы Олимпиадаға бапкері Алексей Урмановпен бірге дайындалмақ.

Оқи отырыңыз: Михаил Шайдоров үздік спортшылардың қатарына енді

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар