Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

1 қазаннан бастап жұмыссыздық бойынша төлемнің мөлшері мен мерзімі қысқарады

kz.kursiv.media

1 қазаннан бастап жұмыссыздық бойынша төлемнің мөлшері мен мерзімі қысқарады

Қазақстанда жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемнің мерзімі қысқарады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, өзгеріс 1 қазаннан бастап пилоттық режимде енгізіледі.

Қазір міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысқан және тиісті талаптарға сай азаматтарға бұл төлем бір айдан алты айға дейін тағайындалады. Төлем мерзімі адамның әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты.

Ал 2026 жылғы 1 қазаннан бастап төлемнің ең ұзақ мерзімі үш аймен шектеледі.

Әлеуметтік төлемнің мөлшері азаматтың орташа айлық табысына және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты есептеледі. Қазір төлем соңғы 24 айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыстың 45%-ын құрайды.

Алайда 2026 жылғы 1 қазаннан бастап жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемнің ең жоғары мөлшеріне шектеу қойылады. Ол жеті ең төменгі жалақының 45%-ынан аспауға тиіс.

Әлеуметтік төлем алу үшін азамат алдымен жұмыс іздеуші ретінде тіркеліп, кейін жұмыссыз мәртебесін алуы қажет. Төлем осы мәртебе берілген күннен бастап тағайындалады.

Егер азамат ұсынылған жұмыс орындарынан себепсіз үш рет бас тартса, оның жұмыссыз мәртебесі тоқтатылып, әлеуметтік төлем де төленбейді.

Айта кетейік, Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі төмендегенімен, еңбек нарығында қызық өзгеріс байқалды: жалдамалы қызметкерлер азайып, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар көбейген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар