Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

11 қыркүйектегі террорлық шабуылға 25 жыл: бір күн АҚШ пен әлемді қалай өзгертті

kz.kursiv.media

11 қыркүйектегі террорлық шабуылға 25 жыл: бір күн АҚШ пен әлемді қалай өзгертті

2001 жылғы 11 қыркүйекте болған терактіні бір күндік трагедия ретінде ғана қарастыру қиын. 25 жылдан кейін оның салдары әлі де адамдардың денсаулығынан, әуежайдағы тексеруден, АҚШ-тың сыртқы саясатынан, арнайы қызметтердің жұмысынан, мұсылмандарға деген көзқарастан, тіпті мектеп бағдарламасынан көрінеді.

Қызығы адамзатты дүрсілкіндерген сол бір оқиғаның датасы қарсаңында шетелдік БАҚ бір сұраққа жауап іздейді: Америка 11 қыркүйектен қандай сабақ алды әрі соның қаншасын ұмытып үлгерді? Kursiv Media осы бір тарихи оқиғаны талдап көрді.

2001 жылғы 11 қыркүйек таңында «Әл-Каидамен» байланысты 19 адам АҚШ-та төрт жолаушылар ұшағын басып алды. Екі ұшақ Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығының қос мұнарасына соғылды. Үшіншісі Вашингтон маңындағы Пентагонға құлады. Төртінші ұшақ Пенсильванияда жерге құлағанға дейін оның жолаушылары ұшақты басып алғандарға қарсы әрекет етуге тырысты.

Алғашқы ұшақ Солтүстік мұнараға Нью-Йорк уақытымен 08:46-да соғылды. Сол таңның соңына қарай АҚШ мүлде басқа елге айналған еді. Терактілерден шамамен 3 мың адам қаза тапты, оның ішінде Нью-Йорк өрт сөндіру қызметінің 343 қызметкері бар. Reuters 25 жыл өткен соң осы оқиға адамдардың өміріне қалай әсер еткенін арнайы материалында қайта зерттеді.

Бірақ 11 қыркүйек құрбандарының санын тек сол күні қаза тапқандармен шектеу барған сайын қиындап барады.

Биылғы атаулы дата қарсаңындағы ең ауыр материалдардың бірі денсаулық тақырыбына арналды.

Қос мұнара құлаған кезде Манхэттенді бетон, шыны, металл, пластик, асбест және басқа заттар араласқан қалың шаң басқан. Өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері, құрылысшылар мен еріктілер бірнеше ай бойы сол жерде жұмыс істеді.

Қазір АҚШ-тың World Trade Center Health Program бағдарламасы 11 қыркүйек аймағында болған 150 мыңнан астам құтқарушы мен тұрғынға медициналық көмек көрсетеді. 2026 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша бағдарламада Дүниежүзілік сауда орталығына байланысты шамамен 85 мың ауру жағдайы тіркелген. Соның шамамен 30%-ы қатерлі ісікке қатысты. Бағдарлама бақылауындағы 9 мыңнан астам адам осы 25 жыл ішінде қайтыс болған, бірақ дәрігерлер олардың әрқайсысының өлімін тікелей 11 қыркүйекпен байланыстыру мүмкін емес екенін ескертеді. Бұл деректерді Reuters жаңа зерттеуінде келтіреді.

The Washington Post зерттеуі бұдан да алаңдатарлық өзгерісті көрсетеді. Басылымның есебінше, 2021 жылғы маусымда қатерлі ісікке байланысты көмек алып жүрген 11 қыркүйек оқиғасынан аман қалғандардың саны 8,9 мың шамасында болса, 2026 жылы ол 27,3 мың адамға дейін өскен. Яғни бес жылдың ішінде шамамен үш есеге артқан.

Бұл жерде уақыт маңызды. Қатерлі ісіктің кейбір түрлері улы заттың әсерінен кейін ондаған жыл өткен соң ғана анықталуы мүмкін. Сондықтан 11 қыркүйектің медициналық салдары 25 жылдықта аяқталып жатқан жоқ – керісінше, жаңа кезеңге өтіп жатқан болуы мүмкін.

Осы аптада Нью-Йорк билігі тағы бір даулы мәселені қайта көтерді. Қала әкімдігі 11 қыркүйектен кейінгі ауа сапасына қатысты 170 мың беттен астам құжатты жариялады. Axios-тың жазуынша, олардың бір бөлігінде билік өкілдеріне Ground Zero маңындағы ауа қауіпсіз емес екені белгілі болған болуы мүмкін деген тұспал айтылады. Сол уақытта тұрғындарға ауданға оралуға болады деген мәлімдемелер жасалған еді.

Сөйтіп, 25 жылдан кейін 11 қыркүйек тарихының жаңа тарауы ашылып отыр: сол күні кім қаза тапты деген сұрақпен қатар, кейін кім ауырды және оның алдын алуға болар ма еді деген сұрақ та қойыла бастады.

Reuters материалында үлкен статистиканы адамдардың жеке тағдыры арқылы көрсеткен.

Скотт Ларсен 2001 жылы төрт жаста еді. Оның 35 жастағы әкесі – Нью-Йорк өрт сөндірушісі Скотт Ларсен Дүниежүзілік сауда орталығы құлаған кезде қаза тапты.

Арада жылдар өткен соң ұлы да өрт сөндіруші атанды. Оның үстіне дәл әкесі қызмет еткен Куинстегі бөлімге орналасқан.

Бұл бір ғана отбасының тарихы емес. Reuters келтірген Халықаралық өрт сөндірушілер қауымдастығының дерегіне қарағанда, 11 қыркүйекте қаза тапқан FDNY қызметкерлерінің 58 баласы кейін Нью-Йорктің өрт сөндіру қызметіне жұмысқа кірген.

Скоттың туған інісі 2001 жылғы 13 қыркүйекте әкесі қаза тапқаннан екі күннен кейін дүниеге келген. Қазір ол да өрт сөндіруші болу үшін емтихан тапсырған. Отбасындағы үшінші буын осы мамандықты жалғастырып жатыр.

AP тағы бір осындай символдық оқиғаны тапқан. Дүниежүзілік сауда орталығына ең жақын орналасқан Ten House өрт сөндіру бөлімінің 2001 жылғы құрамынан бүгінде қызметте қалған жалғыз адам – 65 жастағы Сал Аргано. 11 қыркүйек күні оны уақытша басқа бөлімге жібергендіктен ғана аман қалған. Оның алты әріптесі қаза тапты. Қазір бөлімше бір жағынан жұмыс істеп тұрған өрт сөндіру станциясы болса, екінші жағынан тірі мемориалға айналған.

Қазіргі ұшақ жолаушысы үшін паспорт көрсету, қол жүгін сканерден өткізу, сұйықтық көлеміне шектеу қою немесе бөтен адамның ұшақ қақпасына еркін кіре алмауы қалыпты нәрсе.

2001 жылға дейін АҚШ әуежайларында жағдай басқаша болатын.

AP-дің шолуында 11 қыркүйекке дейін әуежай тексерулерін көбіне авиакомпаниялар жалдаған жеке компаниялар жүргізгені айтылады. Жолаушы емес адамдар да гейтке дейін барып, туысын немесе досын шығарып сала алатын. Кабина есіктері бүгінгідей күшейтілмеген еді.

Терактіден екі ай өткен соң АҚШ-та Transportation Security Administration – TSA құрылды. Әуежай қауіпсіздігін бақылау федералдық үкіметке өтті. Пышақ пен өткір заттарды алып кіруге тыйым салынды, тіркелген багажды тексеру күшейді, пилот кабинасының есіктері өзгертілді.

Кейінгі жылдары болған әрекеттер қауіпсіздік жүйесін тағы өзгертті: аяқкиімге жасырылған жарылғыш зат әрекетінен кейін аяқкиімді шешіп тексеру, сұйық жарылғыш заттар жоспары анықталғаннан кейін сұйықтық көлемін шектеу енгізілді.

2026 жылы жүйе тағы өзгеріп жатыр. Кейбір америкалық әуежайларда адамның құжатын қолмен тексерудің орнына бет-әлпетін танитын биометриялық қақпалар қолданылуда. CBS New York бұл өзгерісті 25 жылдық қарсаңында қарастырды.

Яғни бүгін әуежайда жоғалтатын қосымша 15–30 минуттың бір бөлігі – 2001 жылғы 11 қыркүйектің тікелей салдары.

11 қыркүйектен кейін АҚШ тек әуежайларды өзгерткен жоқ. Арнайы қызметтердің өкілеттігі кеңейді, Department of Homeland Security құрылды, электронды бақылау күшейді.

Мұнда 25 жылдан кейін қоғамның қызық көзқарасы қалыптасқан.

Reuters/Ipsos сауалнамасында америкалықтардың басым бөлігі әуежайдағы күшейтілген қауіпсіздік шараларын қолдайды: демократтардың 71%-ы және республикашылардың 75%-ы мұндай қолайсыздықты қауіпсіздік үшін төлеуге болатын баға деп есептейді.

Бірақ электронды бақылауға көзқарас мүлде бөлек. Сауалнамаға қатысқандардың 65%-ы арнайы қызметтер АҚШ азаматтарының электронды байланысын сот санкциясынсыз бақылауына қарсы екенін айтқан.

CBS/YouGov сауалнамасы да осы қайшылықты көрсетеді: америкалықтар 2001 жылмен салыстырғанда елде қауіпсіздік көп, бірақ құпиялық аз деп есептейді.

11 қыркүйектен кейінгі Американың басты дилеммаларының бірі осылай қалыптасты: қауіпсіз болу үшін мемлекетке қанша еркіндік беруге болады?

Reuters/Ipsos-тың 25 жылдыққа арналған жаңа сауалнамасындағы ең қызық нәтиженің бірі осы.

Америкалықтардан қарапайым тұрғындардың қауіпсіздігіне ең үлкен қауіп не деп сұрағанда, 33%-ы ішкі терроризмді, 20%-ы шетелдік терроризмді, ал 42%-ы жаппай атыс сияқты кездейсоқ зорлық-зомбылықты атаған.

Ал идеологияға негізделген шабуылдарды жеке салыстырғанда айырмашылық одан да үлкен: респонденттердің 61%-ы АҚШ ішіндегі экстремистерді, 34%-ы шетелден шығатын қауіптерді маңыздырақ деп есептейді.

2013 жылы жағдай керісінше болған: шетелдік терроризмді басты қауіп санағандар ішкі терроризмнен қауіптенгендерден көп еді.

Бұл 25 жыл ішінде терроризм ұғымының өзі өзгергенін көрсетеді. 2001 жылы Американың қорқынышы шетелде орналасқан, иерархиясы бар үлкен ұйымдарға бағытталса, қазіргі қауіптің бір бөлігі ел ішінде, интернетте және кейде ұйымдасқан құрылымсыз пайда болады.

Терактіден кейін АҚШ «терроризмге қарсы соғыс» жариялап, Ауғанстанға кірді. Кейін Ирактағы соғыс басталды. 11 қыркүйек Американың сыртқы саясатын ондаған жылға анықтап берді.

Reuters 25 жылдық материалында 11 қыркүйектен кейін басталған соғыстарда ең алдымен Ирак пен Ауғанстанда 900 мыңнан астам адам қаза тапқанын келтіреді.

Ал тарихтың ең күрделі тұстарының бірі – 25 жылдық кезінде Ауғанстанды қайтадан Талибан басқарып отыр.

АҚШ-тың Ауғанстандағы соғысы 20 жылға созылды. Америка әскері кеткеннен кейін Талибан 2021 жылы билікті қайта алды. CBS News 25 жылдық қарсаңында Кабулға барып, «Американың ең ұзақ соғысы басталғанына 25 жыл болды, бірақ бес жыл бұрын соғыс аяқталған соң Талибан қайта билікке келді» деген қайшылықты арнайы репортажға айналдырды.

Сондықтан 11 қыркүйектен кейінгі соғыстарды АҚШ-та бағалау да өзгерді.

Reuters/Ipsos сауалнамасында америкалықтардың 48%-ы Ауғанстандағы соғыс кеткен шығынға тұрмады деп есептеген, ал оған қарсы пікір білдіргендер – 21%. Иракқа қатысты да 51% соғысты ақтамаған, тек 21% қолдаған.

25 жылдан кейінгі көзқарас мынадай болып шығады: америкалықтардың көбі терроризмге қарсы қауіпсіздік шараларын қажет деп санайды, бірақ сол мақсатпен жүргізілген ұзақ соғыстардың нәтижесіне әлдеқайда күмәнмен қарайды.

Терактілерді ислам атын жамылған «Әл-Каида» экстремистері жасағаннан кейін АҚШ-та мұсылмандар мен Таяу Шығыс текті адамдарға қарсы күдік пен кемсіту күрт өсті.

CBS New York 25 жылдық қарсаңында Нью-Йорктің мұсылман және сикх қауымдастығымен сөйлескен. Бір маңызды факт: 11 қыркүйек терактілерінде Нью-Йорк аумағындағы 60-тан астам мұсылманның өзі қаза тапқан. Яғни олар да құрбан болды, бірақ кейін мұсылман қауымы тұтас бір топ ретінде күдік астында қалды.

CBS сұхбаттасқан имам Сафраз Баккус сол жылдары кей адамдар мұсылман екені білінбеуі үшін атын жасыруға, әйелдер хиджабын шешуге мәжбүр болғанын айтады.

Сикхтер де зардап шекті. Оларды сәлде мен сақалына қарап мұсылман деп қате қабылдап, кемсіткен жағдайлар болған. Қазіргі жас буынның бір бөлігі 2001 жылы тумағанына қарамастан интернеттегі исламофобиялық контент арқылы сол стереотиптерді кейіннен қабылдаған.

11 қыркүйектің 25 жылдығы кино және медиа индустриясында да жеке толқын тудырды. Биыл АҚШ-та бірден бірн

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар