Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Рөлге мас күйінде отырып үш адамның өмірін қиған полицейге үкім шықты

kz.kursiv.media

Рөлге мас күйінде отырып үш адамның өмірін қиған полицейге үкім шықты

Алматы-Қорғас тас жолындағы үш адам қайтыс болған апатқа себепші болған бұрыңғы полиция қызметкері 37 жастағы Абылай Жарылқасынұлы 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Cот айыпталушыдан қаза тапқандардың отбасының пайдасына 29 миллион теңге өндірді.

Қайғылы оқиға 23 маусымда Алматы – Қорғас тасжолының 132-ші шақырымында болған.

Полиция қызметкерлері Haval автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, Audi 100 көлігімен соқтығысқанын хабарлаған. Апат салдарынан Audi жүргізушісі мен екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Одан бөлек көлікте 14 және 18 жастағы екі бала және 10 айлық сәби болған. Олар түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

Қаза тапқандардың туысы Гүлзана әлеуметтік желіде Haval көлігін «мас күйде погон таққан адам» басқарғанын айтты. Кейін көлікті мас күйде полиция қызметкері басқарғаны анықталды.

Гүлзананың марқұм әпкесі 40 жаста, әпкесінің күйеуі 41 жаста, ал қыздары 19 жаста болған. Қаза тапқан 19 жастағы бойжеткеннің артында 10 айлық Дильнара есімді қызы қалды. Ал 14 жастағы ұл бала мен 18 жастағы қыз жетім қалды.

Қаза тапқандардың туыстары сот үкімін әділ деп санайды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар