Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«ӨзенМұнайГаз» бөлген 223 млн теңге: ауруханаға арналған қаржы қайда кетті

kz.kursiv.media

«ӨзенМұнайГаз» бөлген 223 млн теңге: ауруханаға арналған қаржы қайда кетті

Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасында күйік бөлімшесін ашуға бөлінген 223 млн теңгеге қатысты күдік туған. ҚМА-ның Маңғыстау облысы бойынша департаменті қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Кursiv.Media.

2025 жылы Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы Жаңаөзенде күйік бөлімшесін ашу үшін «ҚазМұнайГаздан» демеушілік көмек сұраған. Нәтижесінде жобаға 223 млн теңге бөлініп, бұл ақша «ӨзенМұнайГаз» арқылы «Жарылқау» қоғамдық қорына аударылған.

Бастапқы жоспар бойынша осы ақшаға бөлімшеге қажетті медициналық жабдықтың 8 түрін сатып алып, дәрігерлерді оқыту керек болған. Яғни, мақсат ауруханада күйік алған науқастарға толыққанды көмек көрсететін бөлімше ашу.

Алайда кейін жоспар өзгеріп кеткен. Бөлімшені толық жабдықтаудың орнына «Жарылқау» қоры, Жаңаөзен қалалық ауруханасы және «AKBS Invest» компаниясы үшжақты келісім жасап, 210 млн теңгеге күйікпен түскен науқастарға арналған небәрі екі арнайы кереует сатып алуға келіскен.

ҚМА-ның мәліметінше, мұндай қымбат медициналық жабдықты жай ғана осындай келісіммен сатып алуға болмайды. Заң бойынша оны Бірыңғай дистрибьютор арқылы алу керек болған. Тергеушілер сатып алу кезінде осы талаптарды айналып өткен деп санайды.

Екі кереуетке іс жүзінде 210 млн емес, 92 млн теңге жұмсалған. Қалған қаражаттың бір бөлігі үлестес компаниялар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылып, іске қатысы бар адамдар арасында бөлінген болуы мүмкін деген күдік бар.

Тергеу нұсқасы бойынша, «AKBS Invest» өкілі осы заңсыз жолмен алынған болуы мүмкін ақшаға Астанадан пәтер сатып алып, оны басқа адамдардың атына рәсімдеген.

Бұл іске аурухана директорының орынбасары, «Жарылқау» қорының басшысы, Жаңаөзен әкімінің бұрынғы орынбасары және жабдықты жеткізген компанияның өкілі қатысы болуы мүмкін деген күдік бар. Әкімнің бұрынғы орынбасарына қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікпен Қылмыстық кодекстің 361-бабы бойынша іс қозғалған.

Қазір үш күдікті қамауға алынған. Соттың шешімімен олардың екі пәтеріне, екі үйіне және автокөлігіне тыйым салынған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар