Үнді компаниясы Қазақстанда зауыт ашып, трактор құрастырады
Үндістанның International Tractors Limited компаниясы Қазақстанда трактор құрастырмақшы. Ченнай қаласында өткен Қазақстан-Үндістан сауда және инвестициялар жөніндегі бизнес-форумда құны 122 млн доллар болатын келісімге қол қойылды. Сауда министрлігіне сілтеме жасаған Kursiv Media осылай деп хабарлайды.
Келісім «SPBKM» ЖШС мен International Tractors Limited компаниясы арасында жасалды. Оған сәйкес үнді компаниясы Қазақстанға тракторлар мен ауыл шаруашылығы техникаларын жеткізіп, оларды құрастырып, кейін өндірісті біртіндеп жергіліктендіру жоспарланып отыр. Сонымен қатар техниканы тарату және оған сервистік қызмет көрсету де қарастырылған.
Форумда өңірлер арасындағы байланысты дамытуға да көңіл бөлінді. Ақмола, Атырау, Маңғыстау және Түркістан облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласының өкілдері өз өңірлеріндегі экспорт пен инвестицияға арналған мүмкіндіктерді таныстырды. Сонымен қатар олар үндістандық компаниялармен бірлесіп жүзеге асыруға болатын жобаларды ұсынды.
International Tractors Limited (Sonalika Group) – трактор және ауыл шаруашылығы техникасын өндіретін үнді компаниясы. Solis және Sonalika брендпен жылына 300 мың трактор шығарады. Өнімдерін 150-ден астам елге экспорттайды. Өнеркәсіп Үндістандағы ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші ірі компаниялардың үштігіне, ал әлемдегі трактор өндірушілерінің бестігіне кіреді.
Үндістан – Қазақстанның Оңтүстік Азиядағы маңызды сауда серіктестерінің бірі. 2026 жылдың алғашқы жартысында екі ел арасындағы тауар айналымы 315,4 млн доллар болды. Қазақстан Үндістанға экспортты арттыруды жоспарлап отыр. Қазір экспортты 313 млн долларға дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретін 95 тауар түрі анықталған. Олардың қатарында металлургия, химия, тамақ өнеркәсібі, құрылыс және машина жасау өнімдері бар.
Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында агроөнеркәсіпке 54 млрд теңге инвестиция салынады
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 10
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
11 қыркүйек 2026