Алдағы үш жылда саяси партияларға бюджеттен 56 млрд теңге жұмсалмақ
Құрылтай қатарына өткен саяси партияларға алдағы үш жылда жалпы есебі 56 млрд теңгеге жуық қаржы бөлу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Kursiv.Media.
Қаржы министрлігі жариялаған азаматтық бюджет жобасына сәйкес, 2027 жылы саяси партияларға 17,9 млрд теңге бөлінуі мүмкін. Ал 2028 және 2029 жылдары 18,95 млрд теңгені құрайды.
Жалпы үш жылда саяси партияларды қаржыландыруға кететін қаржы 56 млрд теңгеге жуықтайды.
Қазіргі кезде Құрылтай құрамында 5 партиядан өткен 145 депутат бар. Алғашқы сессиясы 28 тамызда өтті.
Құрылтай сайлауына кейін де саяси партияларды қаржыландыру тәртібі өзгеріссіз сақталады. Қаржы министрлігінің Kursiv.Media сауалына берген жауабына сәйкес, 2026 жылы партиялардың жұмысына мемлекет қазынасынан жалпы 17,7 млрд теңге бөлінген.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 10
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
11 қыркүйек 2026