Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қисапсыз сыйақы берген: ШҚО шенеуніктері бюджетке 11,3 млн теңге шығын келтірді

kz.kursiv.media

Қисапсыз сыйақы берген: ШҚО шенеуніктері бюджетке 11,3 млн теңге шығын келтірді

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында ветеринариямен айналысатын «Ұлан-Вет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 11,3 млн теңге бюджет қаражатын заңсыз жұмсағаны анықталды, деп хабарлайды Kursiv Media.

Кәсіпорын еңбек және бюджет заңнамасын, бухгалтерлік есеп пен еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзған.

Атап айтқанда, қызметкерлерге жалақыны заңсыз есептеп, негізсіз сыйақылар берген. Сонымен қатар іс жүзінде болмаған іссапарларға шығындар рәсімделген. Жануарларды аулау, вакцинациялау бағдарламасын іске асыру кезінде де заң бұзылған.

Облыстық прокуратура қызметкерлердің қауіпсіздігіне қатысты да кемшіліктерді анықтаған. Кейбір мамандар жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілмеген, ал қауіпсіздік бойынша міндетті оқудан өтпеген адамдар жұмысқа орналасқан.

Тексеру қорытындысы бойынша бес лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке, ал екі басшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазір мемлекетке келтірілген шығынның 5,5 млн теңгесі өтелді. Қалған қаражатты өндіріп алу және заң бұзуды толық жою жұмыстары жалғасып жатыр.

Тағы да оқыңыз: Ақмола облысында 50 млн теңгеден астам субсидия жымқырған басшылар ұсталды

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар