40 млн теңге пара алды деген күдікпен Көлік министрлігі қызметкерлері ұсталды
Заңсыз пара алды деген күдікпен Көлік министрлігінің екі қызметкері ұсталды. Бұл туралы ҰҚК-ға сілтеме жасаған Kursiv Media хабарлайды.
Құзырлы органдар биыл тамызда Көлік министрлігінің автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары мен Ақмола облысы бойынша көлік бақылауы инспекциясы басшысының орынбасарын ұстаған. Олар машиналарын кедергісіз өткіземіз деген уәде беріп, кәсіпкерлерден 40 млн теңгеден астам сомаға сыйақы алды деген күдік бар.
«Олар жүктері рұқсат етілген салмақ нормаларынан асып кеткен көлік құралдарының кедергісіз жүруін қамтамасыз ету жөніндегі құқыққа қарсы әрекетте күдікті. Сот санкциясымен аталған адамдар қамауға алынды», – деп хабарлайды ҰҚК.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Бұған дейін заңсыз құжат жасады деген күдікпен ҰҚК көші-қон полициясы экс-басшысына қатысты іс қозғаған еді.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 10
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
11 қыркүйек 2026