Уақытша тіркеудегі көліктердің иелері екі жылдан кейін 200 мың теңге төлеуі мүмкін
Қазақстанда уақытша тіркеуде тұрған ЕАЭО елдерінің көліктері бес жылдан кейін тұрақты тіркеуге қойылуы немесе елден шығарылуы тиіс. Көлікті Қазақстанда қалдырудың бір жолы – оны заңдастырып, бастапқы тіркеу үшін 200 мың теңге төлеу. Бұл туралы Kursiv.media El.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Уақытша тіркеу мерзімі бес жылды құрайды. Осы тәртіппен тіркелген алғашқы жеңіл көліктер, шағын автобустар мен жеңіл жүк көліктері белгіленген мерзімге 2028 жылдың жазында жетеді.
Көлік иесі автокөлігін Қазақстаннан шығарып әкетуі немесе оны елде тұрақты есепке қоюы керек. Екінші нұсқаны таңдаған жағдайда:
Бастапқы тіркеу алымы 200 мың теңгені құрайды. Бұл ретте кәдеге жарату алымы алынбайды. Бұдан бөлек, көлік құралын тіркеу туралы куәлік пен мемлекеттік нөмір үшін төлем жасалады.
Алайда жеңілдетілген мөлшерлемені қолдану үшін автокөлік арнайы режимде белгіленген талаптарға сай болуы керек. Атап айтқанда, көлік Үкіметтің №13 қаулысында көрсетілген талаптарға сәйкес келуі қажет.
Уақытша есепке қою мерзімі аяқталғаннан кейін көлікке берілген куәлік жарамсыз болады. Жаңа құжаттар рәсімделгенге дейін мұндай көлікті Қазақстан аумағында пайдалануға болмайды.
Тіркелмеген көлікті басқарғаны үшін 10 АЕК (2026 жылы 43 250 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Сонымен қатар құқық бұзушылық жойылғанға дейін автокөлік арнайы тұраққа қойылуы мүмкін.
Сондықтан 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көліктердің иелеріне уақытша тіркеу мерзімінің қашан аяқталатынын алдын ала тексеріп, автокөліктің әрі қарайғы мәртебесін шешіп алған жөн.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қыркүйек, 10
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
11 қыркүйек 2026