Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Есіл өзенінде балық ауламақ болған ерлі-зайыпты қарша бораған оқтың астында қалды

kz.kursiv.media

Есіл өзенінде балық ауламақ болған ерлі-зайыпты қарша бораған оқтың астында қалды

Есіл өзенінде балық ауламақ болған ерлі-зайыпты қарша бораған оқтың астында қалып, әупірімдеп аман қалған.

Halyqstan ақпаратына қарағанда, Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны әлеуметтік желіде «Абайлаңыздар, қауіпті, оқыс атыс жүріп жатыр!» деп ескерту жасап, балық аулаудың арты қайғылы оқиғаға ұласа жаздағанын жазды.

Әйелдің айтуынша, олар күйеуімен бірге Петропавл қаласының маңындағы Есіл өзеніне балық аулауға барған.

Кенеттен атыс басталды. Бастапқыда оқ дауыстары алыстан естілген. Бірақ көп өтпей, әйелдің айтуынша, оқтар бастарының үстінен ысқырып ұшып, бұталардың бұтақтарын кесіп түсіре бастаған.

Ол дереуге жерге жатып, күйеуіне айғайлап ескерту жасады. Қуанарлығы, ешкім зардап шеккен жоқ.

Бұл жағдайға СҚО ПД бастығы Руслан Назаров түсініктеме берді. Оның айтуынша, бұл аймақта жұмыс істеп тұрған әскери полигон орналасқан. Ал кіреберісте аумаққа кіруге қатаң тыйым салынатынын ескертетін арнайы белгілер қойылған.

Полигондағы атыстарды әскери қызметшілер, шекарашылар, Ұлттық ұлан Академиясының курсанттары, кейде полиция қызметкерлері де өткізеді.

Кейін әйелдің өзі күйеуімен бірге тыйым салынған белгілерді көргенін, бірақ «бұрыннан бері баратындықтан» және бұл жерді балық аулайтын сүйікті орын деп санағандықтан, оларға мән бермегенін мойындады.

Қазір құқық қорғау органдары тексеру жүргізіп жатыр. Олар сол күні полигонда нақты қандай бөлімше атыс жүргізгенін анықтап, сондай-ақ бейбіт тұрғындардың полигонның қауіпті аймағына қалай тап болғанының барлық мән-жайын анықтауы тиіс.

Ал Алматы облысында екі жас баласымен балық аулауға шығып хабарсыз кеткен ер адам табылды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар