Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда Денис Теннің құрметіне халықаралық турнир өтеді

kz.kursiv.media

Алматыда Денис Теннің құрметіне халықаралық турнир өтеді

7-10 қазан аралығында Алматыда мәнерлеп сырғанаудан халықаралық «Денис Тен мемориалы» атты турнир өтеді. Бұл туралы ҰОК-қа сілтеме жасаған Kursiv.Media хабарлайды.

Жарысқа әлемнің 25 елінен шамамен 150 спортшы қатысады. Олар ерлер және әйелдер арасындағы жекелей сырғанаудан, жұптық сырғанаудан және мұздағы биден бақ сынайды. Халықаралық турнир Halyk Arena кешенінде өтеді.

Шара қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, 2014 жылғы Сочи қысқы Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің құрметіне ұйымдастырылмақшы.

Денис Тен мемориалы – Қазақстанда жыл сайын өтетін мәнерлеп сырғанаудан халықаралық жарыс. Турнирді Қазақстанның Ұлттық конькишілер федерациясы мен Денис Тен қоры ұйымдастырады. Алғашқы турнир 2019 жылы өтті. 2021 жылдан бастап жарыс «Челленджер» сериясының (ISU Challenger Series) құрамына кіреді.

Айта кетейік, 2025 жылғы турнирде ерлер арасындағы жекелей сында Михаил Шайдоров жеңіске жеткен. Ол грузиялық Ника Эгадзе мен америкалық Джейсон Брауннан озып шықты. Әйелдер арасындағы сында Оңтүстік Корея спортшысы Ли Хэ Ин топ жарған.

Оқи отырыңыз: Алматыда Денис Тен атындағы көше пайда болды

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар