Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Орталық Азиядағы ең биік ғимарат: Abu Dhabi Plaza-ның біз білмейтін сырлары

kz.kursiv.media

Орталық Азиядағы ең биік ғимарат: Abu Dhabi Plaza-ның біз білмейтін сырлары

Астанадағы әрі Орталық Азиядағы ең биік ғимараттардың бірі — Abu Dhabi Plaza-ның құрылысына қатысты әңгімелер әлі де таусылған жоқ. Зәулім ғимараттың бүгінгі жай-күйіне үңіліп, оның құрылысы мен қазіргі жағдайына шолу жасап көрейік.

Алып кешеннің құрылыс тарихы

«Abu Dhabi Plaza» — жалпы аумағы 550 мың шаршы метрден асатын кешен. Құрылыс Біріккен Араб Әмірліктерінің Aldar компаниясына тиесілі. Кешеннің тарихы 2000 жылдардың ортасында басталды. Ал 2009 жылдың тамызында ең алғашқы іргетасы қаланды.

Abu Dhabi Plaza кешеніне сауда орталығы, кеңсе мұнаралары, апартаменттер мен бес жұлдызды қонақүй кіреді. Оның мұнараларының бірі 75 қабаттан тұрады — бұл Қазақстан мен Орталық Азияның ең биік ғимараты. Биіктігі шамамен 311 метрді құрайды.

Кешен құрамындағы 29 және 31 қабатты екі кеңсе мұнарасы отандық және халықаралық компанияларға жұмыс орындарын ұсынады.

Келушілер мен тұрғындардың ыңғайлылығы үшін 4 000-нан астам көлік сыятын төрт деңгейлі кең паркинг қарастырылған.

Құрылыс толық аяқталды ма

Соңғы күндері желі қолданушыларының да арасында кешеннің сыртқы келбеті мен құрылысына қатысты түрлі пікірлер пайда болды.

«Егер ғимарат техникалық тұрғыдан пайдалануға толық дайын болса, оған бірден ірі компаниялар, әлемдік қонақүй желілерінің франшизалары және басқа да танымал брендтер орналасар еді. Өйткені мұндай жерде орналасып, осындай көрініске ие болуды бәрі қалайды. Алайда қанша ұсыныс жасалып, қанша қаржы жұмсалса да, оған ешкім қоныстанған жоқ. Ғимарат апатты жағдайда, сондықтан оған кіруге болмайды», – дейді қала тұрғыны.

Тағы бір адамның пікірі бұл ойға қарсы келеді.

«Мұнараның аяқталмай тұрғанының басты себебі — қаржының жетіспеуі. Бас мердігер алдымен жұмыс істеп тұрған нысандарды — сауда ойын-сауық орталығы мен кеңселерді дамытып, солардан түскен қаражат есебінен мұнара құрылысын аяқтауды жоспарлаған», – дейді жоба қатысушысы.

Ең биіктегі шатырына кіруге бола ма?

Түнде бұл биіктіктегі шатырдың қызғылт-сары неон жарығымен жануы әлеуметтік желілерде түрлі қауесеттер тудырып, онда жабық кештер өтеді деген әңгімелерді шығарған. Алайда бұл пікірлер толығымен қате. Шын мәнінде, ең үстінгі қабаттарда ешқандай ойын-сауық орындары жоқ.

Қауіпсіздік мақсатында тұрғындар мен келушілер үшін ең биіктегі шатырына кіруге қатаң тыйым салынған.

Блогерлер мен БАҚ өкілдері тек алдын ала жасалған арнайы келісім арқылы ғана жоғары көтеріле алады.

Астанадағы Abu Dhabi Plaza кешенінің шатырына америкалық блогерлер барып үлгерді. Елордадағы күн батуын 311 метр биіктіктен түсірген видеоны TikTok желісінде америкалық инфлюенсер Caleb көрсетті.

A post shared by Abu Dhabi Plaza (@abudhabiplaza.official)

Осыдан кейін қала тұрғындары кешенде көптен бері уәде етілген шолу алаңы ашылды деп болжады. Алайда бұл олай емес болып шықты. Видео астындағы түсініктемелерде әкімшілік блогерлердің Астанадағы күн батуын ғимараттың шатырынан түсіргенін, бірақ қарапайым қала тұрғындары үшін ол жаққа кіруге «қауіпсіздік мақсатында» тыйым салынғанын түсіндірді.

«Блогерлер мен басқа да медиа өкілдерінің түсірілім жүргізуі үшін объектіге барудың арнайы тәртібі қарастырылған. Қолжетімділік мемлекеттік органдармен алдын ала келісу арқылы, елорданың туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған ұйымдастырылған сапарлар аясында беріледі», — деп түсіндірді әкімшілікте.

Ал қала тұрғындары үшін болашақта кешенде шолу аймақтарын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Олардың қашан пайда болатыны нақтыланбаған.

Сонымен бірге алып кешеннің инфрақұрылымы тек кеңсе мен тұрғын үйлермен шектелмейді. Мұның құрамында халықаралық деңгейдегі бренд — Sheraton Astana Hotel бес жұлдызды қонақүйі де жұмыс істейді. 14 қабаттан тұратын бұл қонақүй 190 нөмір мен 100 сервистік апартаментті ұсынады және келушілерге жоғары деңгейде қызмет көрсетіп келеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар