Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Демалыс күндері ауа райы салқындайды

kz.kursiv.media

Демалыс күндері ауа райы салқындайды

Алдағы демалыс күндері 12-14 қыркүйек аралығында ел аумағында ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Қазгидромет мәліметінше, елде жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай байқалады, жел күшейеді.

Қазақстанның оңтүстігінде әзірге жылы ауа райы сақталады. Ал солтүстік өңірлерде жылы әрі құрғақ күндерден кейін ауа температурасы айтарлықтай төмендеп, жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі және жел күшейеді.

Сонымен қатар, еліміздің батысында ауа райы біртіндеп тұрақтанады. Жаңбыр тоқтап, ауа температурасы жоғарылай бастайды.

Күндізгі ауа температурасы солтүстікте +13+20 °С-қа, орталық өңірлерде +15+25 °С-қа дейін төмендейді.

Батыс өңірлерде ауа температурасының біртіндеп +20+30 °С-қа дейін жоғарылауы күтіледі.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар