Ливан мен Израиль Римде бейбіт келіссөз өткізеді
Ливан мен Израиль делегациялары 15-16 қыркүйекте Римде қақтығысты бейбіт жолмен реттеуге арналған келіссөздердің сегізінші кезеңін өткізеді, деп хабарлайды Кursiv.Media.
Al Jazeera мәліметінше, тараптар Ливан армиясының бақылауындағы елдің оңтүстік аудандарында жаңа «пилоттық аймақтар» құру мәселесін талқылайды.
Келіссөздердің алдыңғы кезеңі 4-6 тамызда өткен. Ол Ливанның оңтүстігінде шииттердің «Хезболлах» ұйымы тарапынан жасалған қарулы арандатуға байланысты тоқтатылған.
4 қыркүйекте Израиль ізгі ниет танытып, тұтқындағы бес адамды босатқан. Бұл екі ел арасындағы байланысты қайта жандандыруға ықпал еткен.
Ливан премьер-министрі Наваф Саламның айтуынша, ел үкіметі келіссөздерді жалғастыра береді. Қазір Израиль әскерінің Ливан аумағынан толық шығарылуына қол жеткізу міндеті тұр.
Қыркүйектің басында Ливанның оңтүстігіндегі ауылға жасалған Израильдің әуе соққыларынан кем дегенде тоғыз адам қаза тапқан.
- Соңғы
- Қыркүйек, 11
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
12 қыркүйек 2026