Өзбекстан мектептері жаңа әліпбиге көшеді
Өзбекстанда мектеп оқулықтарын жаңартылған өзбек әліпбиіне көшіру 2027–2031 жылдары жүзеге асырылады. Бұл туралы Мектепке дейінгі және мектеп білім министрінің орынбасары Азизбек Турдиев айтты деп хабарлайды Kursiv Media.
Алдымен жаңа оқулықтарға 1-сынып оқушылары көшеді. Олар үшін жаңа кітаптар басылып шығарылады.
Азизбек Турдиевтің айтуынша, оқулықтар жаңа әліпбиге бірден емес, кезең-кезеңімен көшіріледі. Бұл жұмыс кітаптарды жоспарлы түрде қайта басумен бірге жүргізіледі.
Мысалы, 1-сынып оқулықтары жыл сайын, 2–4-сынып оқулықтары үш жылда бір рет, ал 5–11-сынып оқулықтары бес жылда бір рет жаңартылады. Сондықтан 2027 жылдан бастап қай сыныптың оқулығын жаңарту кезегі келсе, сол кітаптар жаңа әліпбимен басылады.
Еске салайық, 10 қыркүйекте Өзбекстан Сенаты латын графикасына негізделген өзбек әліпбиіне өзгерістер енгізуді көздейтін заңды мақұлдады. Жаңа әліпби қолданыстағы 26 әріп пен үш әріп тіркесінің орнына 28 әріп пен бір апостроф белгісінен тұрады.
Оқи отырыңыз: Өзбекстандағы мектепке қазақ жазушысы Рахметолла Райымқұловтың есімі берілді
- Соңғы
- Қыркүйек, 11
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
12 қыркүйек 2026