Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тоқаев көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттады

kz.kursiv.media

Тоқаев көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттады

Тәуелсіздік сарайында өткен салтанатты жиында президент Қасым-Жомарт Тоқаев VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын қорғаған спортшылар мен бапкерлерді жарқын жеңістерімен құттықтады, деп хабарлайды Kursiv.Media Ақордаға сілтеме жасап.

Әлемнің 100-ден астам елінен келген спортшылармен бәсекеге түсіп, көк байрағымызды биікке көтеру – нағыз ұлт перзенттеріне тән асыл қасиет. Ұлттық командамыз ел үмітін толығымен ақтады. Баршаңызға Отанымызға әкелген рухты жеңістеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздерге тұтас халқымыз жанкүйер болды, – деді президент.

Ойындар қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпы есепте бірінші орынға шықты. Ел қоржынына 74 медаль түссе, оның 32-сі – алтын жүлде. Президент бұл нәтижені қазақ халқының қайсар рухы мен жеңімпаз болмысының айқын дәлелі ретінде бағалады.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев спорттың басты миссиясы достық пен өзара құрметті нығайту екенін айтып, дүбірлі доданы жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғызстан Президентіне де арнайы алғысын білдірді. Жиын соңында спортшылар мен жаттықтырушыларға мемлекеттік наградалар салтанатты түрде табысталды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар