Ресейдегі Ozon қоймасына дрондар шабуылдады
Ресейдегі Саратов қаласындағы Ozon маркетплейсінің логистикалық орталығы мен жеткізу хабы ұшқышсыз ұшу аппараттарының (БПЛА) шабуылына ұшырап, салдарынан өрт шықты. Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, нысан қызметкерлері жедел эвакуацияланып, зардап шеккендер тіркелген жоқ.
Қазіргі уақытта оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр.
Шабуылға байланысты Ozon Саратов пен Саратов облысы бойынша клиенттердің тапсырыстарын қабылдауды, жеткізуді және сатушылардан тауар қабылдауды уақытша тоқтатты.
Қоймада тұрған тауарлар маркетплейстен уақытша алынып тасталды. Саратовқа бет алған жүктер басқа өңірлік логистикалық орталықтарға қайта бағытталып жатыр.
Компания логистикалық маршруттарды толық қайта құрғаннан кейін тапсырыстарды қабылдауды қайта жандандыруға уәде берді.
Саратов облысының губернаторы Роман Бусаргин түнде әуе шабуылына қарсы қорғаныс қаупі туралы хабарланып, БПЛА шабуылы салдарынан азаматтық инфрақұрылым зақымданғанын растады.
Тамыз айының соңынан бастап Ozon маркетплейсінің қоймалары ұшқышсыз аппараттардың шабуылына жиі ұшырай бастады. Бұған дейін, Махачкала, Краснодар және Адыгеядағы үш бірдей логистикалық орталық шабуылға ұшыраған еді.
- Соңғы
- Қыркүйек, 11
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
12 қыркүйек 2026