Мадина ісі: медициналық сараптама қорытындысы неге жарияланбайды
Жамбыл облысында 19 жастағы Мадина Рашидқызының өзіне-өзі қол жұмсау оқиғасы қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Қазiргi таңда облыстық полиция департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр.
Бұл жағдай тамыз айынан бері ел аузында талқыланып, желі қолданушылары марқұм Мадинаға қатысты сот-медициналық сараптаманың қорытындысы мен тергеу нәтижелерін тезірек жариялауды талап етіп отыр.
Алайда, заң талаптарына сәйкес, кез келген қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу деректерін ашық айтуға шектеу қойылады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сай, сотқа дейінгі тергеп-тексеру мәліметтері жария етуге жатпайды.
Сот-медициналық, психологиялық-психиатриялық және сот-гистологиялық сияқты кешенді сараптамалар ұзақ уақытты (бірнеше аптадан бірнеше айға дейін) талап етеді. Мамандардың қорытындысы дайын болмайынша, ресми шешім шығару мүмкін емес.
Деректерді мерзімінен бұрын жариялау куәгерлерге қысым жасауға, дәлелдемелерді бұрмалауға немесе күдікті тараптың жауапкершіліктен қашуына жағдай жасауы мүмкін.
Адамның кінәсі сот үкімі заңды күшіне енгенше дәлелденбеген болып саналады. Бұқаралық ақпарат құралдарында немесе желіде расталмаған ақпаратты тарату тергеудің бейтараптылығына нұқсан келтіреді.
Осыған байланысты, құқық қорғау органдары тергеу аяқталып, іс сотқа жолданғанға дейін кейбір мәліметтерді құпия ұстауға міндетті. Тергеудің ресми қорытындысы мен сараптама нәтижелері барлық процестік әрекеттер аяқталған соң ғана көпшілікке жарияланады.
Оқи отырыңыз: «Барни үшін жанжал шығарған»: марқұм Мадина Рашидқызының күйеуі қазір қайда жүр
- Соңғы
- Қыркүйек, 11
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
12 қыркүйек 2026