Үкімет резервінен жылыту маусымына дайындық үшін 27,9 млрд теңге бөлінді
Қазақстанда энергетикалық инфрақұрылымды жылыту маусымына дайындауға Үкімет резервінен 27,9 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Ернар Хасенов айтты деп хабарлайды Kursiv.Media.
Қаражаттың 12,7 млрд теңгесі жылу көздерін жөндеу және салуға, 8,4 млрд теңгесі жылу желілерін салу мен жөндеуден өткізуге, ал 6,8 млрд теңгесі электр желілерін жаңартуға бағытталады.
Биыл 377 шақырым жылу желісін жөндеуге және қайта жөндеуден өткізу үшін 196,8 млрд теңге қарастырылған. Қазір жұмыстардың 89%-ы орындалды. Жөндеу аяқталған соң жылу желілерінің орташа тозу деңгейін 48%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр.
Қазір жылыту маусымының басталуына бір ай қалды. Дегенмен кей өңірлерде жылыту желісін жөндеу мерзімдерінің кешігу қаупі бар. Мәселен, ондай тәуекелдер Көкшетау, Теміртау, Жезқазған қалаларында тіркелген. Осыны ескере отырып премьер-министр Бектенов барлық өңірге жұмыс қарқынын арттыруға тапсырма берген еді.
- Соңғы
- Қыркүйек, 11
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
12 қыркүйек 2026