Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Құрасбек Сәдібеков Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі болып тағайындалды

kz.kursiv.media

Құрасбек Сәдібеков Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі болып тағайындалды

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен, Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихаттың келісімі бойынша Жетісу ауданының әкімі лауазымына Қурасбек Сәдібеков тағайындалды.

Құрасбек Сәдібеков 1989 жылы 28 желтоқсанда Целиноград қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «саясаттану» мамандығы бойынша аяқтаған. 2017 жылы Ұлыбританиядағы Манчестер университетін «Халықаралық даму: саясат, басқару және даму стратегиясы» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

2011 жыл: Еңбек жолын Шымкент қаласы Абай ауданы әкімі аппаратының бас маманы лауазымынан бастаған.

2013–2017 жылдары: ҚР Білім және ғылым министрлігі Жастар ісі комитетінде түрлі қызметтерді атқарды.

2014–2017 жылдары: ҚР Білім және ғылым министрлігі Стратегиялық жоспарлау және даму департаментінде бас сарапшы болып жұмыс істеді.

2017–2019 жылдары: ҚР Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі лауазымын атқарды.

2019–2022 жылдары: Өзбекстан Республикасындағы (Ташкент қ.) Қазақстан Республикасы Елшілігінің үшінші хатшысы ретінде дипломатиялық қызметте болды.

2022 жылдың қазаны – 2025 жылдың қаңтары: Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

2025 жылдың қаңтары – мамыры: Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің инспекторы қызметін атқарды.

2025 жылдың мамырынан бастап: Жетісу ауданының әкімі лауазымына тағайындалғанға дейін Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымын атқарып келді.

Бұған дейін Жетісу ауданын басқарған Ләззат Жылқыбаева Құрылтай депутаты болып сайланған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар