Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елена Рыбакина US Open турнирінің финалына шықты

kz.kursiv.media

Елена Рыбакина US Open турнирінің финалына шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық біріншілігінің (US Open) жартылай финалында корт иесі, әлемнің 4-ші ракеткасы Коко Гауффты жеңіп, турнирдің финалына шықты.

Үш сетке созылған тартысты кездесу 2:1 (3:6, 6:4, 6:4) есебімен Еленаның пайдасына аяқталды. Алғашқы сетте есе жібергеніне қарамастан, Рыбакина ойын ырғағын тауып, келесі екі сетте камбэк жасады. Матчтың жалпы ұзақтығы 2 сағат 10 минутты құрады.

Енді Елена Рыбакина өзінің кезекті титулы үшін финалда Арина Соболенкомен кездеседі. Соболенко өз кезегінде жартылай финалда Джессика Пегуланы 2:0 есебімен ұтқан болатын.

Айта кетейік, күні кеше ғана Рыбакина дәл осы Соболенкодан басып озып, әлемнің бірінші ракеткасы атанған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар