Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан мен Өзбекстан туристері үшін саяхаттау жеңілдейді

kz.kursiv.media

Қазақстан мен Өзбекстан туристері үшін саяхаттау жеңілдейді

Қазақстан мен Өзбекстан ортақ туристік бағыттарды дамытуды жоспарлап отыр. Екі ел Ұлы Жібек жолы бойындағы ортақ туристік бағыттарды дамытып, саяхатшыларға қолайлы жағдай жасамақшы деп хабарлайды Kursiv.media.

Бұл мәселелер екі елдің Астанада өткен бірлескен туристік форумында талқыланды.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға Өзбекстаннан шамамен 5,6 млн турист келген. Ал Қазақстаннан Өзбекстанға 2,9 млн-ға жуық азамат барған.

Өзара туризмді дамытуға екі ел арасындағы көлік қатынасының кеңеюі де ықпал етіп отыр. Алматы, Ташкент, Самарқанд, Атырау, Орал, Қостанай және Үргеніш бағыттарында жаңа әуе рейстері іске қосылды.

Қазақстанның туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев екі елдің Орталық Азияны бірыңғай туристік бағыт ретінде бірлесіп ілгерілетуге мүмкіндігі бар екенін айтты.

«Қазір халықаралық турист бір сапарында бір елмен шектелмей, тұтас бір өңірді аралауға көбірек қызығушылық танытып отыр. Сондықтан Қазақстан мен Өзбекстанды Орталық Азия бойынша біртұтас әрі тартымды саяхаттың бөлігі ретінде бірге таныстыру маңызды. Біздің міндетіміз – артықшылықтарымызды нақты туристік өнімдерге, саяхатшыларға қолайлы бағыттарға және әлемдік нарықта танымал мықты ұсынысқа айналдыру», – деді ол.

Ынтымақтастық келісімі аясында Ұлы Жібек жолы бойындағы ортақ туристік бағыттарды дамыту, көлік қатынасын кеңейту және шекарадан өту мен визалық рәсімдерді жеңілдету жоспарланып отыр.

Форумда сондай-ақ тікелей әуе рейстерін көбейту, қонақүй инфрақұрылымын дамыту және халықаралық қонақүй желілерін тарту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар зиярат, рухани және сауықтыру туризмін дамыту жоспарлары сөз болды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар