Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Антифриз бен техникалық сұйықтықтарды міндетті таңбалау басталды

kz.kursiv.media

Антифриз бен техникалық сұйықтықтарды міндетті таңбалау басталды

Қазақстанда міндетті цифрлық таңбалауға жататын өнімдердің тізімі кеңейді. Енді бұл талап автомобильдерге арналған антифриздер мен техникалық сұйықтықтарға да қатысты болады, деп хабарлайды Kursiv.media.

Тауарларды таңбалаудың цифрлық жүйесіндегі мәліметке сәйкес, жаңа талап тек мотор майларына ғана емес, басқа да техникалық сұйықтықтарға қатысты. Тізімге СЭҚ ТН 27, 34 және 38-топтарына кіретін тауарлар енгізілді. Атап айтқанда:

Талап 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап өндірілген тиісті өнімдерге қолданылады. Ал Қазақстанда мотор майларын міндетті таңбалау 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап енгізілген.

Цифрлық таңбалау жүйесі өнімнің қозғалысын қадағалауға және оның айналымын ашық етуге мүмкіндік береді. Бұл шара контрафактілік өнімнің таралуын азайтып, тұтынушылардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Бұл өнімдерді сататын, соның ішінде автотауарлар дүкендері, жанармай құю бекеттері мен дилерлер тауарларды таңбалаудың бірыңғай операторы сайтында тіркелуі керек.

Осы санаттағы 2027 жылғы 1 ақпаннан бастап өндірілген өнімдердің жеткізу тізбегі толық қадағаланатын болады. Яғни тауардың өндірушіден немесе импорттаушыдан бөлшек саудаға дейінгі қозғалысын бақылауға мүмкіндік беріледі.

Еске салсақ, осыған дейін Энергетика министрлігі 2026 жылдың ақпан айынан бастап мотор майларын міндетті цифрлық таңбалау енгізілетіні туралы хабарлады. Бұл шара «Таңбалауға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы» бұйрыққа сәйкес жүзеге асырылады. Барлық өндірушілер, импорттаушылар, көтерме және бөлшек саудамен айналысатын компаниялар қаңтар айының соңына дейін тауарларды таңбалау және қадағалау жөніндегі ақпараттық жүйеде тіркеуден өтуі қажет.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар