Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тоқаев қазанда Қазақстан халқына Жолдау жасайды

kz.kursiv.media

Тоқаев қазанда Қазақстан халқына Жолдау жасайды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайды. Бұл туралы президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттауға арналған салтанатты жиында айтты, деп хабарлайды Kursiv.Media.

«Қазан айында мен Конституцияның 46-бабына сәйкес Қазақстан халқына Жолдауымды жасап, алдағы жоспарымызды айқындаймын», – деді президент.

Президенттің айтуынша, Жолдауда еліміздің алдағы даму жоспары айқындалады.

Сонымен бірге Тоқаев таяуда ғана Құрылтай сайлауы өткенін еске салды.

«Құрылтайға кәсіби, іскер, жаңашыл азаматтар кірді. Олардың ішінде жастар да аз емес. Вице-Президент тағайындалды. Жаңартылған Үкімет жұмысына кірісті. Қауіпсіздік Кеңесінің аппараты жасақталды. Көп ұзамай Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітіледі», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетейік, 23 тамызда елде Құрылтай сайлауы өтті. Сайлау қорытындысы бойынша «Әділет» партиясы сайлаушылардың 71,17% дауысын жинап, 145 депутаттық мандаттың 110-ын иеленді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Қаринді Қазақстан Республикасының вице-президенті кандидатына ұсынды. Ал Құрылтай спикері болып Айбек Дәдебай сайланды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар