Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Павлодар әкімдігі түрмені ұзақ уақыт сата алмай келеді

kz.kursiv.media

Павлодар әкімдігі түрмені ұзақ уақыт сата алмай келеді

Павлодар әкімдігі өмір бойына сотталғандарға арналған түрме ретінде жоспарланған, бірақ аяқталмаған кешенді сата алмай келеді.

National business ақпаратына қарағанда, бастапқыда ғимарат аса қауіпті режимдегі түзету мекемесі ретінде салына бастаған.

Бұл кешен шамамен 10 жылдан бері өтпей тұр. Қазір оның бағасы төмендетіліп, саудаға шығарылған. Бірақ мұндай нысанға қызығушылар табылмай отыр.

Нысан туралы бухгалтерлік анықтамада жалпы аумағы 44,9 мың шаршы метр болатын аяқталмаған құрылыстың тоғыз позициясы сипатталған. Олардың жиынтық баланстық құны – 3 миллиард 811 миллион теңге.

Ал қазір атақты «Қара бүркіт» түрмесінде өмір бойына сотталған 200-ден аса адам жазасын өтеп жатыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар