Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Санжар Боқаев ісі сотқа түсті

kz.kursiv.media

Санжар Боқаев ісі сотқа түсті

Қоғам белсендісі әрі блогер Санжар Бокаевқа қатысты қылмыстық іс Алматының Алмалы аудандық қылмыстық істер жөніндегі сотына түсті. Бұл туралы Боқаевтың адвокаты Радмир Өтепов мәлімдеді деп хабарлайды Kursiv Media.

«Бүгін қорғауымыздағы азамат Боқаев Санжар Омарұлына қатысты іс Алмалы аудандық қылмыстық істер жөніндегі сотқа түсті. Алғашқы сот отырысының қашан өтетіні әзірге белгісіз. Жаңалық болған кезде хабарлап отырамыз», – деді адвокат.

Еске салайық, Боқаевты 18 наурызда ұстаған. Кейін оны екі айға қамағаны белгілі болды. Тергеу мәліметтері бойынша, ол алаяқтық жасады, сондай-ақ заңсыз ағаш кесу үшін адамдарға ақша төлеп, кейін сол заңсыздықтар туралы контент түсірді деген күдікке ілінген. Мамырда оның қамау мерзімін тағы бір айға ұзартты.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
12 қыркүйек 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар