Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесі аппаратына жаңа міндеттер жүктеді
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған Kursiv.Media хабарлайды.
Құжатта Қауіпсіздік Кеңесі мен оның Аппараты туралы ереже бекітіліп, Қауіпсіздік Кеңесі төрағасы орынбасарының өкілеттіктері айқындалды. Сондай-ақ жаһандық сын-қатерлер мен елдегі ішкі ахуалдың өзекті мәселелерін жан-жақты талдау міндеті жүктелді.
Қауіпсіздік Кеңесі төрағасы орынбасарының құзыретіне не кіреді:
Сонымен қатар ол осы бағыттарда жұмыс істейтін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіріп, халықаралық байланыстарды дамытуға және Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының жұмысын ұйымдастыруға жауапты болады.
Жарлыққа сәйкес, Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты дербес мемлекеттік орган ретінде Президентке тікелей бағынады және есеп береді.
Еске салайық, 31 тамызда Тоқаев Аида Балаеваны Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындаған еді.
- Соңғы
- Қыркүйек, 11
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
12 қыркүйек 2026